Кентауда аурудан айыққандар көбейіп келеді

Oinet.kz 29-07-2020 545

40.jpg

Түркістан облысының Кентау қалалық орталық ауруханасы базасындағы инфекциялық орталықта ем қабылдап жатқан Роза Алиева медицина мамандарының аянбай еткен еңбегін жоғары бағалап, дәрігерлер алғысын жеткізді. 14 шілде күні түскен емдеу мекемесіне медиицналық жедел жәрдем көлігімен жеткізілген ол  бүгінде өзін жақсы сезінеді. Екі жақты өкпенің қабынуы мен пневмония диагнозы қойылған Роза ханым ақ халатты азаматтарға ыстық ықыласын білдіруде.

53 жастағы науқас қазіргі уақытта дәрігерлердің қатаң бақылауында. Дертінен толық айыққан сәтте үйіне шығарылатын болады.

Айта кетейік, Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 495-ті құрайды. Қазіргі таңда олардың 80 пайызы дертінен айыққан. Ауруханада инфекциялық орталықта 150 адамға арналған орынның 68-інде науқастар ем алуда. Бүгінгі таңда COVID-19 індетімен қатар пневмонияға шалдыққан науқастар да көптеп кезуде. 

Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен елімізге таралған жұқпалы індетке байланысты жарияланған өңірде карантин талаптары арнайы құрылған мобильді топтармен қатаң бақылауға алынған. Санитариялық талаптарды қатаң сақтаумен қатар сақтану шараларын жүзеге асыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Пневмониядан айыққан әже алғыс айтты
Кәсіпкерлер 17 оттегі концентраторын ауруханаға сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу