Түркістан туристерге ерекше әсер сыйлайды

Oinet.kz 03-06-2020 638

image.png

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етушілер алдағы уақытта бірегей жобамен салынып жатқан бау-бақшалы жасыл аумақпен жүріп өтеді. Мұнда сан түрлі жеміс-жидек ағаштары өсетін ботаникалық бау бой көтереді. Сондай-ақ, кесене аумағында көшпенділер дәстүрінен хабар беретін, ортағасырлық тұрмысты бейнелейтін этноауыл салынады.

Кесененің 88,7 га құрайтын буферлі қорғау аймағында рухани туризм орталығы жасақталуда. Ол жерден осы аумақта орналасқан барлық қастерлі орындарды тамашалауға болады.

Облыс орталығын көгалдандыру болашақта мұндағы микроклиматқа оң әсер тигізері сөзсіз. Халықаралық тәжірибенің ең озық үлгілерін назарға ала отырып, «Әзірет Сұлтан» кешенінің мүмкіндіктері кеңейтілуде. Осылайша Ұлы Жібек жолы дәуірі тұсындағы келбеті қалпына келтіріледі. Кесенеден 700 метр қашықтықта тұрған Түркістан елді мекенінің ең ежелгі қалашығы – Күлтөбе ашық аспан астындағы музейге айналады.

Мавзолейдің мемориалды және саябақ аймағында Абылай хан, Жолбарыс хан, Қасым хан, Жәнібек батыр, Қазыбек би және т.б. батырлар мен билер жерленген жерлер қоршалып, биіктетілген. Кесене мен Жеті Ата қақпасы арасындағы тарихи көлдің ойыстары қайта қалпына келтіріліп, тарихи мешітке апаратын жол, құдық және Ясауидің соңғы 20 жыл өмірін өткізген Қылуетке апаратын ортағасырлық рабаттар мен орталық көшелер қайта жасалуда.

Қасиетті кесененің аймағында Қашқари гүлзары мен Нью-Йорк баспалдағы орналасқан. Ашық аспан астында өтетін думанды мерекелерге арналған жаңа орын Есім хан алаңында салынуда. Онда «Open Space» үлгісіндегі іс-шаралар, сан алуан сайыстар мен фестивальдер өткізіледі. Тұрғындар үлкен экраннан түрлі фильмдер мен футбол ойындарын тамашалай алады.

Қарбыз бен қияр және қызанақ ресейге экспортталуда
Түркістанда «Бутик-отель» салынбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу