Түлкібаста туризмі жанданып келеді

Oinet.kz 03-06-2020 678

image.png

Түлкібас атауы көпшілікке тамаша табиғатымен қатар керемет алмасымен де таныс. Аталмыш аудан жеміс жидек өсіруге қолайлы, жері құнарлы өңір. Халық арасында екінші «Швейцария» аталатын табиғаты ерекше аймақта жыл он екі ай саяхаттаушылар легі толастаған емес. Құт мекеннің әсем табиғатын тамашалауға берісі елімізден, арысы шет мемлекеттерден келушілер саны жыл сайын артып келеді.

Ауданда көрікті жерлердің тізімі жасалып, келген туристерге ауданды таныстыру мақсатында туристік маршруттар құрылған.
«Батыс Еуропа –Батыс Қытай» жол бойында қазіргі таңда ірі 3 жобаның құрылысы жүруде. Олар:«Құрылыс» ЖШС жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны 346,0 млн.теңге сыйымдылығы 100 орын. «Шұқырбұлақ» жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны 150,0 млн.теңге сыйымдылығы 50 орын. Табиғи емдік туризмді дамыту мақсатында:
"Жайлау" емдеу сауықтыру орталығы Жобаның жалпы құны 347,0 млн, сыйымдылығы 100 орын. Саумалмен емдеу орталығы («Нұрлыхан» ШҚ) Жобаның жалпы құны 340,0 млн, сыйымдылығы 50 орын.

Тау етегіндегі құнарлы топырақта өсетін алмасы бүгінде брендке лайық деп танылуда. Аудан бойынша бүгінгі таңда алма бау көлемі — 3335 гектар жерді құрап отыр. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2007-2019 жылдары аралығында отырғызылған бау көлемі — 2578 гектарға жеткізілді. Қалған 757 гектары ескі баулардың көлемін құрайды. 2016-2020 жылдарға жасалған алма бау көлемін ұлғайтуға арналған іс-шара жоспары түзіліп, 2020 жылға жаңадан егілген алма бау көлемі 2888,6 га жеткізіледі деп күтілуде.

Көпбалалы ана көмек қаржысына үй іргелік сүт фермасын ашпақ
Кәсіп ашқысы келген 48 азамат жобасын өткізген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу