«Игілік» бағдарламасының игілігін көрудe

Oinet.kz 25-05-2020 627

image.png

Мемлекет басшысының жолдауына айтылған негізгі басымдықтың бірі кәсіпкерлік саласын дамыту болған. Бұл бағытта бүгінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы, кәсіп ашамын деген жандарға көптеген көмектер берілуде.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының тұрғыны Талғат Айдарқұлов «Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсіріп отыр.

Қараағашты ауылында ьтұратын ол жылқы өсіріп, көбейтуде. Мемлекеттен қолдау арқылы 10 жылқы сатып алған.

"Жылдың басында аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (ЦОП) барып, сол жердегі мамандардың көмегімен тез арада құжаттарымды жинап, тиісті жерге өткіздім. Сөйтіп, көп ұзамай мемлекеттен несие алдым. 4 млн. теңге 6 %-бен. Сол ақшаға 10 бас жылқы алдым. Бүгінгі таңда 10 жылқыдан тәулігіне 15 литр қымыз баптап, литрін 700 теңгеден сатып отырмын. Бір жақсы жері қымызға сұраныс өте жоғары. Базарға немесе дүкенге өткізуге уақыт жоғалтпаймын, керек адам үйден тапсырыс беріп алып кетеді. Ендігі жоспарым - осы малды көбейтіп, жұмыс істеу", - дейді, жеке кәсіпкер.

Айта кету керек, қазіргі таңда, Түлкібас ауданында үйіргелік қоралардан бөлек 10 ірі, 12 ұсақ шаруа қожалықтар жылқы сүтін өндеп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр.


Жұмыспен қамту күн тәртібінедегі мәселе
Кентауда полиэтиленді құбыр шығарыла бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу