Сарыағашта жеміс көшеттері өсірілуде

Oinet.kz 25-05-2020 753

image.png

Сарыағашта жыл сайын орташа есеппен 45 000- 50 000 дана жеміс және 100 000- 120 000 дана жүзім көшеттерін өндірілуде.
Бұл жұмыстарды «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің «Сарыағаш» аймақтық филиалы атқаруда. Көшеттерді сатып алушылар көбейген жағдайда, бұл көрсеткіштерді бірнеше рет арттыруға филалдың материалдық-техникалық базасы жеткілікті.

Көшеттікте жеміс көшеттерінің 10 сорты, жүзімнің 5 сорты өндіріледі. 
Одан басқа соңғы жылдары шаруашылықта көкөніс, картоп және бақша дақылдары егіліп, жоғары көрсеткіштерде өнім алынуда.

«Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің бөлімдерінің ғылыми- тәжірибе жүргізу үшін филиалда жер алқаптары бар. Мысалы, жүзім саласы бойынша 2 гектар жүзім алқабында 77 сорты, 1 гектар алқапта алманың перспективалық 12 сорты сынақ-тәжірибеден өтуде.

Осы аймақтық филалдағы жеміс бауларында жеміс ағаштарының мынандай сорттары: алма сорттары- Старкримсон, Ренет Симеренко, Голден делишес, Белый нали; алмұрттың Лесная красавица, Талгарская красавица сорттары; алхорының– Стенли, Исполинская, Ванетта, Лето, сорттары, сондай-ақ өріктің Краснощекий сорты, ал шиенің Наполеон розовый және Бахор сорттары өсірілуде.

Жүзім алқаптары бойынша - Тайфи розовый, Баян ширей, Ркацители, Саперави, Мускат венгерский, Кульджинский сорттары егілген.


Мемлекеттік қолдаудың аясында кәсіп ашты
Түркістандағы шығыс моншасы туристерді қызықтыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу