Түркістанда құрылысқа қажетті «3D» торлар шығарыла бастады

Oinet.kz 25-05-2020 612

image.png

Түркістан облысында бұрын-соңды жасалмаған құрылысқа қажетті «3D» торлар шығарыла бастады. Облыста алғашқы рет Түркістан қаласында өндіріліп отыр. Жергілікті «Мирас ДАМУ лтд» ЖШС шығарып отыр. Арнайы құрал-жабдықтарын шетелден алып келді.

Тағы бір айта кетер жайт, Түркістандағы индустриалды аймақта орналасқан «Brownfield» үлгісіндегі ғимаратта кәсіпкерлер мен инвесторлар өздерінің өндірістік құрал-жабдықтарын қойып, бірден іс жүргізуіне мүмкіндік беріледі.

Ендігі жерде кәсіпкер бұрынғыдай жер алып, оған құрылыс жұмыстарын жүргізбейді. Аймақ басшылығы кәсіпкерлерге өз жұмысын бірден бастап кетуге дайын ғимарат береді. Бұдан бөлек әкімшілік тұрмыстық кешен (АБК) салып жатыр. Бұл мекеме бір терезе қағидасымен жұмыс істейтін болады. Жаңадан кәсібін ашқалы жүрген кәсіпкерлерге сала мамандары кеңес беріп отырады.

Сонымен қатар, әкімшілік тұрмыстық кешен (АБК) ғимаратының ішінде көрме залы болмақ. Бұл көрмеге индустриалды аймақта өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің шығарған өнімдері қойылады. Яғни, тұтынушыларға кәсіпкерлердің шығарған өнімдерін жарнамаланып, көрсетілетін болады.

Жалпы индустриалды аймақ деген сөздің мағынасы: кәсіпкерге жер керек болса, сол жерді барлық инфрақұрылымдармен, яғни, электр қуатымен, сумен, газбен, канализациямен т.б. қамтамасыз ету.

Индустриалды аймақтардың аумағы ұлғайып жатыр
Мемлекеттік қолдаудың аясында кәсіп ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу