Туризм - түркістан облысында 3 бағытта дамуда

Oinet.kz 25-05-2020 690

image.png

Түркістан облысы тарихи және мәдени нысандарға бай өлке. Өз кезегінде өңірде туризм саласының 3 түрі қарқынды дамып келеді. Атап айтар болсақ,  Түркістан қаласы мен Сайрам, Бәйдібек, Отырар аудандарында тарихи-мәдени, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру, Түлкібас, Төлеби аудандарында экологиялық туризм.

Облыста 1200-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш, 168 қонақүй, 51 шипажай, 60 демалыс базасы қызмет көрсетеді.

Түркістан облысы – 2019 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру және тамақтандыру орындары бойынша республикада үздік 3 облыстың қатарында. Тартылған инвестиция көлемі 12.6 млрд. теңгені құрады.

Жалпы туризм саласын дамыту 3 бағытта жүргізілуде. Біріншісі өңірдің туристік әлеуетін маркетингтік ілгерілету болса, екіншісі туристік инфрақұрылымды дамыту. Ал, үшіншісі туристік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Облыстың туристік әлеуетін туристік нарықта жылжыту мақсатында 2019 жылы 20 іс-шара өткізілді, оның ішінде әлемнің 7 мемлекетінде роуд-шоу, халықаралық туристік форум және ортаазиялық қолөнершілер жәрмеңкесі, т.б. өткізілді. Туристердің де облыс аумағына келуі көбейген.

Сондай-ақ, «TURKISTAN» АЭА аймағының бір субаймағында ауданы 297 гектарды құрайтын тарихи орталық құрылып отыр.


Кәсіпкерлерге арналған несие көлемі артуда
Жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу