Түркістанда жиһаз жасау өндіріс дамып келеді

Oinet.kz 18-05-2020 753

 image.png

Түркістан қаласы облыс көлемінде жиһаз өндірісінен алдыңғы орында тұр. Қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 20 пайызын осы қатты және жұмсақ жиһаз өндірісі құрайды.

Түркістан қаласында жобалық қуаты жылына 198 мың дана, жалпы құны 320 млн. теңгені құрайтын 70 жаңа жұмыс орнымен «Grand Miks» ЖШС ламинатталған ағаш-жаңқа плитасын (ДСП) өндіру және жиһаз қасбетін жасау цехының І кезеңін іске қосты.

Бүгінде фабрика өнімдері Қазақстанның 14 облысына және Қырғызстанның Бішкек, Ош қалаларына жіберіледі.
Қазіргі таңда Ресей, Әзербайжан елдерінен де сұраныстар қабылдауда. Жиһаз өнімдерінің бірнеше түрін шығаратын «Гранд Микс» мекемесі жылына 1,5-2 млрд. қаржының өнімін өндіреді. Онда бүгінде жергілікті тұрғындардан 145 жұмысшы еңбек етеді.

Облыс орталығы Түркістан қаласында алдағы уақытта кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті дамытуға баса мән беріліп отыр. Бұл тек қаланың көркеюіне ғана емес, жұмыссыздықтың да азаюына сеп болмақ.

Зауыттың қызметкерлері шын мәнінде бірегей дизайнерлік жиһаздың керемет коллекцияларын жасап шығаруда.

Қазір жиһаз фабрикасы түрлі жиһаздың 200-ден астам түрін жасап шығарады.

Гранд Микс жиһаз фабрикасы әрқашан тұтынушының мүддесіне және оның қажеттілігін зерттеуге бағытталған. Маркетологтар, дизайнерлер, конструкторлар, жобалаушылар өз жобаларын әлемдік жиһаз өндірушілерінің тәжірибесіне сүйеніп және нарықтық зерттеулердің нәтижесін мұқият талдай отырып жасауда. 


Созақта тың серпіліс бар
Кентауда қатты қалдықтар қайта өндіріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу