Мақтаралда асфальт-бетон зауыты жұмыс істейді

Oinet.kz 18-05-2020 616

 image.png

Кез келген ауданның, аймақтың, тіпті тұтас мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеретін – ол кәсіпкерлік, оның ішінде өнеркәсіп саласы.

Ел Үкіметі ел ішінде өндіріс орындарын ашып, жұмыс қауқымын кеңейтуге басымдық беріп отыр. Мемлекет басшысының ел халқына жолдаған жолдауында да бұл жайында нақты міндеттері жүктелген болатын. 

Бүгінде Мақтаарал ауданының индустриалды аймағы мен логистикалық орталығы жұмыс жасайды. Индустрияландыру картасы аясында “Soldatos” ЖШС-ның асфальт-бетон зауыты мен “Asi Metall Grup LTD”-ның темірді қайта өңдеу өндірісі іске асты.

Бүгінгі таңда Германиядан әкелінген технологиямен “Soldatos” ЖШС-ның асфальт-бетон зауыты өз жұмысын бастап кетті. Греция мемлекетінің инвестициясы арқасында Алзақ Шынтаевтың басшылығындағы өндіріс орны тәулігіне 1000 тонна асфальт-бетон өнімдерін өндіре алады. Құны 300 миллион теңгені құрайтын зауыт 30 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Бұған дейін мақтаралдықтар ішкі көшелерді жөндеуге қажетті асфальт өнімдерін Сарыағаш ауданынан таситын. Бұл үрдіс – жолдың ұзақтығы үшін асфальттің бағасын қымбаттатса, екінші жағынан сапасын нашарлататын еді. Өйткені, асфальт балқыған күйінде төселуі тиіс. Жол жүріп келем дегенше суып қалады. Міне, жаңа өндіріс ошағын ашу арқылы ауданның және Жетісай ауданын асфальт-бетон өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.


Жалпы өңірлік өнім көлемі артуда
Мақтаралда медициналық-фармацевтикалық заттар өндірілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу