Индустриалды аймақтар ұлғайтылып жатыр
Елімізде «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы». аясында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысындағы индустриялық аймақта құны 47 млрд. теңгені құрайтын 56 жоба жүзеге асуда. Жоспар бойынша мұнда 3644 адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Қазір оның 30 млрд. теңгені құрайтын 30 жобасы іске қосылған. Өткен жылы облыстағы индустриалды аймақтарда 8 жоба жүзеге асыпты. Олардың қатарында «Түркістан» индустриалды аймағында – ЖК»Grand Miks» -2 кезең (ламинат өндірісі), «Азия Агро» ЖШС (Асфальт-бетон зауытының құрылысы), «Айбек ЛТД» ЖШС-і (Бөгеу плиталары, темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру) бар. Ал, «Кентау» индустриалды аймағында оттегі цехы құрылса, «Мақтааралда» «Soldatos» ЖШС-нің асфальт-бетон зауыты пайдалануға берілген. Сонымен қатар, «Шардарада» «АйҚажы Ақ Алтын» ЖШС-і мақта өндеу зауытын салған. «Қазығұртта» тез даярланатын азық өндірісі қолға алынса, «Бадамда» «Green Technology» ЖШС-нің 2-кезеңі жүзеге асыпты. Бұл компания полиэтилен қалдықтарынан жасанды талшықтар өндіру зауытын салуды қолға алған.
Жалпы, индустриалды аймақтар облысымыздың 9 өңірінде, яғни Түркістан, Кентау, Созақ, Ордабасы, Қазығұрт, Мақтаарал, Шардара, Бәйдібек және Түлкібас аудандарында құрылған.
Бүгінде аумағы 40-тан 350 гектарға дейін ұлғайған Түркістан индустриалды аймағында Браунфилд дайын өндірістік ғимараттарының құрылысы жүріп жатыр. Яғни бұл дайын өндірістік ғимарат инвесторлар үшін жеңілдетілген жалдау шартымен беріледі. Мұндағы ерекшелік, инвестор жер алып ғимарат салып жүрмейді.