Жоспарлар артығымен орындалуда

Oinet.kz 18-05-2020 661

 image.png

Ауыл шаруашылығы саласын қолдау дегеніңіз – ауыл тұрғындарының лайықты еңбекақысы, ауыл шаруашылығы бойынша тауар өндірушілерінің өніміне әділетті баға және елді мекендерге тиісті деңгейдегі әлеуметтік саясат деген сөз. Бұл тұрғыда мемлекетіміз сала еңбеккерлеріне жан-жақты қамқорлық жасап келеді. Осы қамқорлықты сезінген Бәйдібек ауданының еңбекшілері ауқымды істерді атқарып келеді.

Өткен жылы ауданның ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 5 млрд. теңге инвестиция тарту көзделсе, бұл меже 15 миллиард 843200 теңгеге асыра орындалды.

Ауданда 91,8 мың гектар егістік жерді игеру жоспарланса, бұл 93,4 мың гектар (102 пайыз) болып асыра игерілген. 200 гектар суармалы жердің шығымын жақсартып, айналымға қосу жоспары 110 пайыз орындалған. Тамшылатып суару технологиясын ендіру бойынша жылдық тапсырма да 100 пайызға орындалып отыр. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту жоспары да межелі биіктен көріне білді.

Осынша ауқымды жұмыс техника күшінсіз атқарылмайтыны және белгілі. Осы ретте бәйдібектіктер өткен жылы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту көрсеткішін 105 пайызға жеткізіпті.

«Даму» бағдарламасы аясында былтыр ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 21 миллиард 947 миллион теңге болып, облыс бойынша бірінші орынды иемденді. Соның ішінде мал шаруашылығы саласында 10 миллиард 715 миллион 500 мың теңгенің өнімі өндірілді.

Түрлі түсті құрт жасауда
Тігіншілікпен табыс тауып отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу