Қияр мен қызанақ тегін таратылды

Oinet.kz 06-05-2020 689

 image.png

Түркістан қаласына Ордабасы ауданының "Adelia" шаруа қожалығы тарапынан 18 тонна қызанақ пен қияр Түркістандықтарға үлестірілді.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жұмысын тоқтатып, үйінде отырған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, құрылыс саласында демалыссыз жұмыс жасап жатқан жергілікті тұрғындарға және таң атқаннан кеш батқанға дейін қаланың таза болуына үлес қосып жүрген "Түркістан жарық тазалық" мекемесінің жұмысшыларына берілді.

Таза, экологиялық жағдайдағы жылыжайда өсірілген көкөністерді қала әкімдігінің қызметкерлері мен "Asar" еріктілер ұйымының жастары үйме үй таратты. Бір қорапта 11 келідей қияр, 7-10 келідей қызанақ бар.

"Аделя" шаруақожалығы тарапынан Кентау қаласының тұрғындарына да көмек көрсетілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қияр мен қызанақ таратылды. 18 тонна көкөніс 5500 тұрғынға үлестірілді. Олардың ішінде 4650-і мүгедектер мен жалғыз басты қариялар, 750-і атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар.

- Игі істің басы-қасынан табылып жүрген шаруа қожалықтың иесіне айтар алғысымыз шексіз. Әрдайым жұмысы алға басып, істеріне береке берсін – дейді қала тұрғыны Р.Абуова.

Жаны жомарт жан алдағы уақытта тағы да көмек қолын созуды жоспарлап отыр.

Түлектер ұбт-ға онлайн режимде дайындалады
«Мейірімді ауылдастар» челленджі бастау алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу