​Сарыағаш ауданында туризмді жанданбақ

Oinet.kz 05-05-2020 667

 image.png

Минералды емдік суымен әйгілі Сарыағаш шипажайлары ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін жоғарылата түспек. Былтыр емдік судан шипа іздеп келген туристер саны 123 мыңнан асқан болса, биыл олардың саны 15%-ға артады деп күтілуде. Осы мақсатта нақты жоспарлар бекітілген.

Бүгінде ауданда 40-қа жуық сауықтыру шипажайы, балалар шипажайлары, гольф клубтар мен 20-дан астам қонақ үй қызмет көрсетеді.

Сарыағаш ауданының экономикасының негізгі тірегі-ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Былтыр жалпы өнім көлемі 77 млрд. теңгеден асқан. Алдағы уақытта егістік алқабы 65 мың гектарға ұлғайтылып, жылыжай шаруашылығы мен тамшылатып суару әдісін қосымша 400 гектар жерге жаңадан ендіру жұмыстары жүргізілмек. Әсіресе жеміс-жидек өнімдерін өсіруді кеңейту көзделуде.

Ауданда әлеуметтік-экономикалық даму жағынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіліп,  барлық салада өсу байқалатынын атап өтті. Әсіресе ауыл шаруашылығы мен туризм, құрылыс салалаларында жоспарланған жұмыстар  қарқынды жүргізілуде.

2020 жылы 30 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып, бюджеттің кіріс бөлігі 102,7%-ға орындалған. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2020 жылы 80 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Аудандағы шағын несие ұйымдары тарапынан барлығы 5057 адамға 4,7 млрд теңге көлемінде несиелер беріліп, нәтижесінде 6340 жұмыс орны ашылған. 2019 жылы ауданға 38,8 млрд теңгенің инвестициясы тартылған.

 


​Түркістандық жастар туризмді дамытуға арналған жаңа жобаны қолға алды
​Баламалы энергияның қолжетімділігі артады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу