Көмекке берілген қаржыға кәсіп ашты
Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмектің қаржысын тиімді пайдаланып, кәсібін кеңейтіп отырғандардың қарасы көбейіп келеді. Солардың бірі – Жетісай ауданы, Қарақай ауылдық округіне қарасты Қ.Сәтпаев елдімекенінің тұрғыны, көпбалалы ана Жанар Мачанова. Бүгінде ол өз үйінің бір бөлмесін шағын тігін цехына айналдырып, өзінен бөлек қолының ебі бар тағы 1 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Осыдан 10 жыл бұрын тігіншілікті кәсіп еткен Жанар өткен жылы 4 перзентіне 460 мың теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алған. Осы қаржыға Шымкент қаласынан әрбірі 185 мың теңге тұратын 2 тігін машинасын сатып әкеліпті. Қазіргі таңда Жанар киімдерді өңдеп, қысқартып қана қоймай тапсырыс бойынша қазақы киімдер мен қыз жасауларын да әзірлеуге кірісіпті. Күн санап тіккен киімдері көпшілікке таныла бастаған көпбалалы ана округтегі тігіншілікке қызығушылық танытып, үйренемін деушілерге қосымша оқу курстарын да өткізуде.
Ал, Кентау қаласына қарасты Шаға елдімекенінде көп балалы ана, атаулы әлеуметтік көмектің қаржысына кәсіп ашты. Бір ретттік берілген төлемге 80 тауық, бір сиыр сатып алған. Бүгінде төрт түліктің өнімдерін, жергілікті дүкендерге саудалап, тұрмысын түзетуде.
Баян Ратаеваның ауласында бір сиыры мен 80 тауығы бар. Оны мемлекет тарапынан берілген көмектің қаржысына алды. Тауықтар мен сиырдың сүтін көрші қолаң, жергілікті дүкендерге саудалайды. Содан түскен қаржыға отбасының күнделікті тамағы мен бала-шағаның шығындары.
«Жағдайымызды көтерейік деп, тауық, сиыр алып жатырмыз. Мемлекетке рахмет. 80 тауық, екі сиыр алған. Бала шағмызды киінідірп жатрмыз. Елбасыға рахмет. 80 тауық 40 тұқым береді. Алдағы уақытта тауық санын көбейтіп, жағдайымызды жақсартсақ деген ойдамыз» - дейді ол.