​Өндірісте оң өзгеріс бар

Oinet.kz 05-05-2020 668

 image.png

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы  Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағытына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Атап айтар болсақ, жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру барысында өнеркәсіп саласында өңдеу өнеркәсібін дамыту және бар резервтерді пайдалану есебінен 1,9 млрд теңгеге 159 жұмыс орынымен 6 жоба іске асырылған. Ал, биылғы жылы өнім көлемін 27,0 млрд теңгеге  жеткізу көзделуде.

«Жібек Жолы ЛТД» ЖШС «Жүнді бастапқы өңдеу» цехын, «АЙКАН» ЖШС  «Сарысуды өңдеп, құрғақ сүт пен сарысу ұнтағын шығаратын» зауыт, «Elit Stroy M&A» ЖШС «Тауарлы бетон және асфальт-бетонды қоспа шығаратын зауыт», «Көктал Групп» ЖШС «Темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт», «DARIA ГРУПП» ЖШС - «Тауарлы бетон, асфальт-бетон, темір-бетонды және бетон бұйымдарын өндіретін зауыт», «Конус и К» ЖШС «Темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт» жобаларын іске асыруда.

Сондай-ақ, ел Президентінің Жолдауындағы негізгі басымдақтардың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Бұл бағытта биыл «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 11 жобаға қолдау көрсету жоспарланған.

Ауданның ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігі мен экспортты ұлғайту бағытында дамуда. Жаңадан  100 га қарқынды бау  егу, 11 га өнеркәсіптік жылыжай кешенін іске қосу, сондай-ақ, «Нұрым Групп» ЖШС-гі мал бордақылау алаңының қуаттылығын 15 мың басқа жеткізу бағытында жұмыстар жүргізулде.

​«Еңбек» бағдарламасы еңбек нарығын ұлғайтуда
​ Түркістанға келушілер 2025 жылы 5 млн.-ға жеткізілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу