​Шәуілдірде күн қуаты өндіріледі

Oinet.kz 05-05-2020 582

 image.png

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген елді индустрияландырудың негізгі экономикалық күші - ең алдымен, елдегі инновациялық жобаларға негізделген инвестициялық  ахуалды жақсарту бойынша жұмыстарды жандандыру. Бұл бағытта Түркістан облысында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі ауа райы ыс­тық аймақтың бірі болып саналатын Шәуілдірде ар­тық шығынды талап ет­пей­тін электр тогы өнді­ру. 

Түркістан облысына шетелдік инвесторлардың да қызығушылығы жоғары. Себебі, өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Италиялық ENI халықаралық энергетикалық корпорациясының еншілес компаниясы «ArmWind» басшылары Отырар ауданында қуаттылығы 50 МВт құрайтын күннен қуат алатын электр стансасының құрылысын салмақ.

Шетелдік инвесторлардың айтуынша, жобаның құрылысы 2021 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.

Жалпы, Қазақстанда «ENI» корпорациясының «ArmWind» еншілес компаниясы елімізде жұмыс істеген екі жылдың ішінде жалпы қуаттылығы 150 МВт болатын ірі үш жобаны табысты жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда компания жасыл технологияларды қолдана отырып жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы Қазақстан экономикасын декарбонизациялауға сәтті үлес қосып келеді.

Айта кетейік, 1992 жылдан бастап ENI Қазақстанға 15 млрд. АҚШ доллардан астам инвестиция салған.

2 миллионнан астам халқы бар өңірде жүзеге асатын күн эгнергиясы жобасыда облыс үшін тиімді болары сөзсіз.

​Тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін цех жұмыс істеуде
​Сайрамда өткен жылы 12 жоба іске қосылып, 610 жұмыс орны ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу