​Жетісайда кәсіп бастаушылар көбейген

Oinet.kz 05-05-2020 791

image.png           

Қазіргі кезде ел үкіметі негізге алып отырған  мәселені бірі - Мемлекет басшысының Жолдауы аясында алға қойылған міндеттерді саралап, оларды Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бастамаларымен үндестіру. Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асырып, аталған бағдарламаны іске қосу аясында Түркістан облысында көптеген іс шаралар атқарылуда.

Түркістан облысы Жетісай ауданында өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 млрд теңгеден асқан. Бұл межеленген жоспардың артығымен орындалғандығын көрсетіп отыр. 

Индустриалық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда аяқ киім, полиэтилен өнімдері, сүт өңдек,  синтепон талшығы және қарқынды баудан жемістерді өндірумен айналысатын жалпы құны 1 млрд 306 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, жаңадан 400 жұмыс орны ашылған. Олардың баршасында жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жолдауда көрсетілген елді индустрияландырудың негізгі экономикалық күші - кәсіпкерлік саланы дамыту бойынша, ең алдымен, бизнес ахуалды жақсарту жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні ауданында шағын кәсіпкерлік саласы кең етек жайып келеді. Мәселен,  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  саны 16 мыңға жуықтаған. Оның ішінде  шаруа қожалықтар саны  мен  дара кәсіпкерлік артып отыр.

«SMART TURKISTAN» мобильді қосымшасы іске қосылды
​Мақтаралдықтар мал бордақылауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу