Инвестиция тартуға үлкен көңіл бөлінуде

Oinet.kz 30-04-2020 1170

Түркістан облысы экономикасының әлеуметтік-маңызды салаларына инвестиция тартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бәрімізге белгілі, әлемде ауыз суға қол жеткізуде белгілі бір қиындықтар байқалуда. Осыған байланысты "Turkistan Invest" күшімен "Professional Mechanics" түрік компаниясы Қазақстанда теңдесі жоқ суды тазарту бойынша блоктық-модульдік станцияларды өндіруге тартылды. Осы жоба аясында 1 млрд.теңгеден астам қаражат тарту және 50-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

c683e987-4e56-4af2-92dc-4d9004e502bb.jpg

 "Asya Modern Sera" өндірістік жылыжайлар салумен айналысатын түрік компаниясы Түркістан облысының Келес ауданында голландтық технология бойынша ауданы 20 га өнеркәсіптік жылыжай салуды және 300 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Инвестицияның алдын ала сомасы - 8,8 млрд. теңге.

Импорт алмастыру бағдарламасы шеңберінде жергілікті әлеуетті инвесторларды қолдау жұмыстары да жалғасуда. Бұл бағытта "PerfoSystem Production & Co" ЖШС өнімдерін өткізуді қамтамасыз ету мақсатында оффтэйк келісім-шарт жасау бойынша жұмыс жүргізілуде, ол пайдалы қазбаларды барлау үшін жарылғыш заттарды өндіру жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба аясында 120 жұмыс орнын ашу және Түркістан облысының экономикасына 5,3 млрд.теңге инвестиция салу жоспарлануда.

Жоғарыда көрсетілген жобалардан басқа "Turkistan Invest" тарапынан "Kablo Kastro" - төмен вольтты кабельдерді өндіру жөніндегі түрік компаниясы, сондай - ақ "Lindsay" американдық компаниясы-жаңбырлатып суару жабдықтарын өндіру сияқты басқа да әлеуетті инвесторлармен белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Туристер тамашалайтын нысандар көбеюде
Түркістан облысы инвестиция салу үшін өте тиімді аймақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу