Карантин экспортқа кері әсер етпейді

Oinet.kz 16-04-2020 642

Screenshot_7.png


Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, корновирусқа қарсы шектеу шаралары тауарларды экспортауға кері әсер етпейді.

-Құрметті диқандар, қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігінің карантиндік инспекторларына тапсырма берілді. Еліміздің ішінде немесе экспортқа өнім сатуда ешқандай шектеулер жоқ! Карантиндік және фитосанитариялық сертификаттар өтінімге сәйкес беріледі. Сертификатпен бірге "Bizbirgemiz' деген логотиппен қамтамасыз етеміз! Бұл белгі барлық пост бекеттерден өнімді тездетіп өткізуге мүмкіндік береді. Сертификаттарға өтінімдер аудандағы аумақтық инспекция арқылы қабылданады. Өтінім қабылдау басталды. "Bizbirgemiz" белгісі Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тарапынан беріледі. Құрметті диқандар, өнімдеріңізді өткізу бойынша ешқандай проблема болмайды,-делінген басқарма басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруаларға арнаған үндеуінде. 

Ал Жетісай ауданы Ералиев округіндегі "Дихан"шаруа қожалығы қырыққабат дақылының алғашқы 50 тоннасын Ресейдің Воронеж,Санкт-Петербург, Уфа қалаларына жөнелтті. Диқандардың айтуы бойынша баға әле нақты емес, себебі бағаны нарық шешеді дейді.

Қожалық иесі - Алжанов Арманның айтуы бойынша айтуынша, биыл 5 гектар жерге қырыққабат еккен. Оның 2,5 гектары «Кевин», 2,5 гектары «Фарао». Жалпы алғанда мұнда ақпан айының 10-ы күні 120 мың дана көшет отырғызылыпты. Жалпы Ералиев ауыл округінде биыл 88 гектар жерге қырыққабат егілген.

Бұдан бөлек Жылы Су ауылдық округінің дихандары қырыққабаттарын еліміздің Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына жөнелткен.

Қазіргі таңға дейін аудан бойынша 11361 гектар аумаққа бақша дақылдары егілсе, 1500 мың алқапқа көкөніс егілген оның 1171 гектары қырыққабат болып табылады.


Ұстаздар үлгі боларлық іс жасады
Кәсіпкерлер тарапынан көмектер берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу