Індетке қарсы флэшмоб ұйымдастырды

Oinet.kz 16-04-2020 664

Screenshot_1.png

Түркістан облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының қызметкерлері Түркістандағы Есімхан алаңы мен орталық көшелерде коронавирус індетіне қарсы флэшмоб ұйымдастырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Медицина қызметкерлері«Егер бізде қалғыңыз келмесе, үйде отырыңыз» деген ұранмен көліктерінде арнайы сигнал қоса жүріп, халыққа барынша түсіндірме жүргізді.Қауіпті індетті ауыздықтап,ел амандығы үшін алаңдаған құтқару топ өкілдерінің мақсаты- тұрғындардың жауапкершілігін арттыру. Шаһар тұрғындары да төтенше жағдай кезіндегі талаптардан құлағдар.Медицина қызметкерлерінің дабылына түсіністікпен қарауда. Бүкіл әлемді дүрліктірген пандемиялық індетке қарсы күрес үшін арнайы топтар жасақталған. Күні бүгінге дейін ол мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 науқасты тасымалдаған.

"Бұл елдің амандығы үшін жасалынып жатқан шара.Үйден шықпай,қауіпсіздікті қадағаласақ індетті ауыздықтайтынымыз сөзсіз.Сол себепті бүгін әріптестерімізбен бірге қала тұрғындарына түсіндіру шарасын өткізуді жөн көрдік",-дейді Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы бас дәрігерінің методикалық ұйымдастыру ісі бойынша орынбасары Тахир Абдиев.

Жалпы облыс бойынша 200-ге жуық медициналық жедел жәрдем бригадасы қызмет көрседі. Әр бір шақырту мамандар үшін қарусыз майданның шешуші сәті. Дер кезінде көмекке жетіп,адам өміріне араша түсу ақ халатты абзал жандардың адал борышы. Өз өмірлерін тәуекелге буып жүрген бүгінгі күннің батырлары қауіпті індетпен күресті тоқтатпақ емес.


Түркістандықтар техникалық шарттарды мекемелерге бармай-ақ ала алады
Төтенше жағдай кезінде онлайн қызмет көрсетілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу