Түлкібастықтар коронавирустан қорғанудың жаңа тәсілін ойлап тапты

Oinet.kz 04-04-2020 624

дизенфекция.jpg

Түркістан облысында коронавирустан адамдардың денсаулықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің қолдауымен арнайы мамандар залалсыздандыру өткелін істеп шығарды. Сынақтан өтіп, сала мамандарының қолдауына ие болған жаңа құрылғыны «Шақпақ» блок-бекетіне қою жоспарлануда. 

Залалсыздандыру өткелі үйшік тәріздес, ішінен адам өтуге ыңғайластырылған құрылғы. Адам өткен кезде арнайы дайындалған залалсыздандыру сұйықтығын бүрку арқылы автоматты түрде 8 секунд шашып, барлық қатерлі микробты өлтіреді.

дизенфекция-2.jpg

Залалсыздандыру өткелдері аудан орталығындағы «ҚазПошта» мен «Халық банкі» және «Халықтық кеңсе» ғимараттарының алдына аудан тұрғындары мен сол мекемелерде қызмет атқаратын мамандардың қауіпсіздігі үшін орналастырылды. Алдағы уақытта жаңа құрылғы аудан орталығындағы халық шоғырланатын басқа да мекемелердің кіреберістеріне орнатылады.

Дәл осындай үйшіктер Арыс қаласының адам көп шоғырланатын орындарына да орнатылмақ. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін арнайы жасалған құрылғының қызметімен танысқан қала әкімі Мұрат Қадырбек алдағы уақытта мұндай үйшіктер санын көбейтуді тапсырды.



Түркістан облысының кәсіпкерлерін қаржылай қолдау қарқынды жүргізілуде
Түркістан облысында үйден шықпай-ақ жер алуға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу