Халыққа үзіліссіз қызмет көрсетілуде
Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев пен аудан прокуроры Бақыт Сейфолла ауданда орналасқан пошта мекемелерінің жұмысымен танысты. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы аудан бойынша 12 пошта мекемесі және 11 банкомат жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда әр пошта және банкоматтар алдында аудан тұрғындары көмек ретінде мемлекет тарапынан беріліп жатқан жәрдемақыға және айлық зейнетақысын алуға келуде.
Келес ауданының әкімі, аудандық Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның төрағасы Ақментай Есбаевтың тапсырмасымен әр ауылдық округтегі тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, аудан әкімінің орынбасарлары және әр дербес бөлім басшысын ауылдық округтеріндегі пошталармен банкоматтарға бөлініп, жұмыс жүргізуін тапсырған.
Пошта қызметкерлеріде түскі үзіліссіз қызмет көрсетуде. Қызметкерлер түскі тағамды кезекпен ішуде. Сонымен қатар, пошта және банкоматтардың алдындағы азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, әкімшілік тарапынан арнайы ара қашықтық сақталған орындықтар қойылып, арақашықтық сызықтары сызылған. Бұл келушілердің бір-бірімен жақын қатынаста болмауын, яғни індеттің адамнан адамға таралауының алдын алады. Ауданда залалсыздандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.