Бәріміз бірлескенде ғана бұл қиындықты еңсере аламыз

Oinet.kz 09-04-2020 624

92130669_603189030234549_3198424478468014080_o.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығы негізінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа GOVID-19 короновирусын пандемия деп жариялануына байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында енгізілген төтенше жағдайдың енгізілуі дұрыс шешім деп түсінуіміз қажет. Себебі бүкіл дүние жүзін жайлаған індет күннен-күнге өршіп барады. Жаңа GOVID-19 пандемиясын жою мақсатында елімізде ауқымды іс-шаралар қабылданып жүзеге асуда.

Мемлекет басшысы өз Үндеуінде аталған індетті жоюға арналған бірқатар алгоритмдерді және медициналық тексеруден өтуге, емделуден бас тартқан, карантин режимін сақтауға бей-жайқарап, эпидемиологиялық жағдайларды анықтауда қолында бар мәліметтерді жасырған кісілерге бақылау күшейтілетіндігін баса айтты. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Президент Жарлығын жүзеге асыру бойынша қаулы қабылдап, бірқатар шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде осындайауыр кезеңде барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды. «Төтенше жағдайдың жариялануы маңызды және қажетті қадам. Ондағы мақсат – біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау» деген Елбасы мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар қазіргі қиын ахуалғасай дер кезінде қолға алынғанын атап өтті.

Мақтаарал ауданынан короновирус індетіне шалдыққан тұрғындардың анықталуына байланысты, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат басқада да құзырлы органдар дер кезінде шешім қабылдап, аудандағы барлық жерлерге блок посттар орнатылып, тиісті іс-шаралар түзіліп, кейбір көшелер карантинге жабылды.

Дүние жүзінде орын алып отырған індетті жұмыла бірге еңсеруіміз қажет. Сондықтан көшеге шықпауларыңызды өтінеміз, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың үйде болуын, көшеге шықпауын, ешкіммен қарым-қатынаста болмауын қадағалаңыздар!

Сақтық шараларын қатаң ескеріп жүрсеңіздер, өздеріңізге де, туысқандарыңыздың да денсаулықтарына қатер төнбейді. Қазіргі уақыт біздің әр қайсысымыздан аса зор жауапкершілікті талап етеді. Осы тұрғыда әрбір аудан тұрғыны бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, коронавирустың таралуын болдырмау мақсатындағы шараларды ескеріп, құзырлы органдардың талаптарын орындап отыруы қажет. Бәріміз бірлескенде ғана бұл қиындықты еңсеріп шыға аламыз. Індетті бірге жойайық!

Үйде қалыңыздар!

Қадір Сәрсекбаев,

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының

хатшысы


Жомарт кәсіпкерлер қайырымдылық жасады
Атакенттегі бірнеше көше карантинге жабылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу