Тиісті талаптарды сақтамағандарға шара көрілді

Oinet.kz 03-04-2020 620


91903967_552308568733266_6665358758819921920_n.jpg

Түркістан облысында төтенше жағдай режимін сақтамағандарға қатаң шара көру жұмыстары жүргізілуде. Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Қ.Мылтықбеков пен Төлеби аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының негізсіз өспеуiн қадағалау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында Ленгір қаласындағы дүкендер мен тамақтану орындарына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралды аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Рейд барысында санитариялық-дезинфекциялық режим сақталмағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 476 бабының 6 бөлігіне сәйкес 29 кәсіпкерге хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Алдағы уақытта ауданда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және алдын алу шараларын күшейту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Ал бұған дейін залалсыздандыру жасағы төтенше жағдай бөлімі мамандары мен мектептердің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінен құрылып, 40 ранцты аппаратпен және арнайы киімдермен қамтамасыз етілді.

Бұл жасақтан бөлек арнайы мамандандырылған мекемелер аудан бойынша 91 көп қабатты үйлердің аулалары мен дәліздерін, ойын алаңдарын және орталық көшелердегі 24 аялдамада толығымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аудан әкімдігі тұрғындардан маскалық режим мен сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрап отыр.


Бақылау бекеттерінің жұмысы күшейтілді
Ауыл тұрғындары өз еріктерімен блок пост қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу