Залалсыздандыру жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды

Oinet.kz 03-04-2020 634

5e85d649b0035.jpg

Түркістан қаласына әскери күш кіргізілді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жəне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өкімімен төтенше жағдайға байланысты Түркістан қаласындағы 7 бірдей блок-бекеттің тəртібін күшейту жəне шаҺар аумағын залалсыздандыру жұмыстарына көмек беру мақсатында 35748 əскери бөлімінен 200-ден аса əскери қызметкер және бірнеше əскери техникалар жұмылдырылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Бүгіннен бастап қала аумағындағы блок-бекеттердегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары мен тыныштықты күзетуге әскери қызметкерлер де атсалысады. Одан бөлек, қала көшелері мен қоғамдық орындарда және аулаларда вирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстарына да қатысады.

Алғашқы күннің өзінде арнайы киім үлгісімен және тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған 40 әскери қызметкер залалсыздандыру жұмыстарын бастады.

Түркістан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев азаматтарды орын алып жатқан жағдайларға түсіністікпен қарап, дүрлікпеуге шақырды. Мұндай қатаң режимдегі тәртіп төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

Жалпы Түркістан облысында қауіпті дерттің таралуын алдын алу үшін блок-бееттердің жұмысы күшейтілді. Сақтық, залалсыздандыру  шаралары барлық аудан, қалаларда жүргізілуде. 



Штаб мүшелері тәулік бойы жұмыс істейді
Ө.Шөкеев: 100 мыңға жуық азаматқа жұмыс көзін табуға мүмкіндік бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу