Сарыағашта залалсыздандыру жұмыстары күшейтіледі

Oinet.kz 02-04-2020 645

hqdefault.jpg

Төтенше жағдай кезінде індеттің таралуын болдырмау мақсатында әрбір азамат қауіпсіздік талаптарын қатңа сақтауы тиіс. Сондай-ақ, мекемелер халыққа қызмет көрсетуді электрондық түрде жүргізеді. 

Сарыағакш ауданының әкімі М.Отаршиев төтенше жағдай жөніндегі  штабтың мәжілісін өткізіп, онда аудан аумағында қауіпсіздік шараларын күшейту, стратегиялық нысандардың дайындығын арттыру мақсатында аудан аумағында орналасқан банк, қазпошта және басқа да төлем жүргізетін мекеме басшыларымен аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Штаб отырысында аудан басшысы қауіпті дерттен сақтану мен алдын алу мақсатында банк мекемелеріне, банкоматтарда және қазпошта мекемелеріне зейнетақысын алу үшін келетін тұрғындарға бір-бірімен ара-қашықтық және бетперделік режимді сақтау бойынша мекеме қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, барлық банкомат құрылғылары тұрақты түрде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу қажеттігін қатаң түрде ескертті, себебі адам көп шоғырланған жерде қауіп пен тәуекел көп.

Төлемдерге байланысты барлық құжаттарды қабылдау және түсіндіру жұмыстары электронды түрде жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, тиісті мекемелерге көпшілікке үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Ауданда залалсыздандыру жұмыстары күшейтіліп, қалыптасқан жағдай тұрғындарға уақытылы хабарланады.


Шардарада сақтық шаралары жүргізіліп жатыр
Жетісайда маскалық режим енгізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу