Корнавирус жұқтырған науқастар дәрігерлердің бақылауында
Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам бар. Барлығы Жетісай ауданының тұрғындары. Бүгінде науқастар дәрігерлер бақылауына алынып, жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.
«31-наурыз күні 1-пациенттің коронавирус індетін жұқтырғаны тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласынан келген бұл науқаспен байланыста болған адамдарды тексеру барысында, тағы 3 отбасы мүшесінің сараптамасы оң нәтиже берді. Сонымен қатар, Алматы қаласынан келген 1 азаматта COVID-19 сараптамасы оң қорытынды берді. Қазіргі таңда науқастар дәрігер бақылауына алынып, жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Қарым-қатынаста болған барлық адамға стационарлық оқшаулау шаралары жүргізілді. Тиісті хаттамаға сәйкес, емдік шаралар жасалынуда», – деді Нұрбек Садықбекұлы.
Бұдан өзге, 31-наурыз күні науқас тұрған үй-жайларды дезинфекциялау және санитарлық өңдеушаралары өткізілді. 31-наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас Жетісай аудандық орталықауруханасында ем алуда. Науқаспен жақын қарым-қатынаста болған анықталуда.
Облыста 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Covid -19 коронавирустық инфекцияданқолайсыз елдерден келген495 адам мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде 1 «а» санатындағы елдерден келгені - 9 адам, 1 «б» санатындағы елдерден келгені –486 адам бар.