Бекжігіт Сердәлі: Індетті ел болып еңсереміз

Oinet.kz 27-03-2020 728

1584880200802084.jpg

Бекжігіт Сердәлі, профессор, композитор:

-Біздің қазақ қаншама нәубетті басынан өткерді. Соның барлығында табандылық танытып, жеңіп шыққан қайсар халық ретінде тарихта қалды. Бүгінгі басқа түскен қиындықта ел болып еңсеретін, жұдырықтай жұмыла әрекет етуді қажет ететін уақытша дүрбелең. Мұндайда сабырсыздыққа ұрынбай, ғаламтор арқылы тарап жатқан өсек-аяңдарға құлақ аспай, тек ресми орындардың берген мәліметіне сену маңызды.  

Елбасының ағалық ақылын айтып, қиын тұста қазаққа рухани демеу бергені, бірлесе әрекет етсек әбігерден арылатынымызды айтқаны-көрегенділік. Әсіресе, қалтасы қалың ел азаматтарының, шамасы келсе әрбіріміздің осы қиындықпен күресуге көмек көрсету керектігін айтқаны-аға буын ретінде елді бірлікке шақырғаны деп түйсіндім. 

Түркістанның барлық кәсіпкерлері мен түрлі сала майталмандары бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, "Түркістан"  қорына қаржылай көмектерін аударуда. Бір күн ішінде бірнеше миллиондаған қаржылар салып, бір күндік заңды жалақыларын аудару жайлы шешімге келу - нағыз азаматтық іс. Түркістанның нар тұлғалы азаматтары осы игі істің басында жүр. Осындай бірлігі бекем, тірлігі түзу елдің басында қиындық көп тұрақтамайды. Біз осы қасиетімізбен бұл күнді де көп ұзамай артқа қалдырамыз.


Ғалымжан Елшібай: Жалған ақпаратқа жол жоқ!
Жумагали Билисбеков: «Мир спасет не красота, а ответственность каждого из нас»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу