Түйе сүті экспортқа шығарылуда

Oinet.kz 20-03-2020 1616

ddef3292-8cc8-418c-8fe5-f78d459e5583.jpg

Түркістан облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында түйе сүтін өңдеу, оны экспорттау жобалары қолға алынуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінгі күні түйе шаруашылығын дамытуға ниеттенген 80 АШТӨ-і анықталды, сатып алынатын аналық түйе саны 3070 басты құрайды. Оның ішінде қаржы ұйымынан құны - 1 млрд 115 млн.теңге құрайтын 3 жоба мақұлданып отыр.

Сондай-ақ, кәсіпорын «1000 басқа арналған сауынды түйе кешенін салу» жобасын іске асыруды қолға алды. Жобаны іске асыруға Кентау қаласы және Бәйдібек, Созақ, Отырар аудандарынан жер телімдері қарастырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылдың 11 қыркүйегінде Қытай еліне ресми сапарында екі ел арасында экспортталатын сүт өнімдеріне және жүн шикізатына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортқа бағытталған тізілімі кеңейтіліп отыр.

Жуырда ғана «GOLDEN CAMEL GROUP LTD» ЖШС-нің Қытай Халық Республикасына алғашқы түйе сүтінен дайындалған 13 тонна дайын ұнтақ өнімін экспортқа шығару іс-шарасы өтті.

Жалпы өңірде түйе шаруашылығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары нәтижелі жүзеге асырылуда.


Тәулігіне 100 тонна түйе сүті өңделеді
Кәсіпкер қорға 100 миллион теңге аударды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу