«Мені кейбіреулер байдың баласы ғой, асфальтта өскен нәзік адам деп ойлайды»
Байқаймын, мені кейбіреулер байдың баласы ғой, әкесі елші болған. Өмірді, қиыншылықты көрмеген, өзі асфальтта өскен нәзік адам деп ойлайды. Басқалар менің сыпайылығымды әлсіздік деп қабылдайды.
Олай емес, достар. Мен дворда өстім. Алматының дворлары 80-шы жылдары қатал болды. Жарты жыл ауылдың мектебінде де оқыдым, бір ай малды баққаным бар. Жаз бойы археологиялық экспедицияға қатысып палаткада тұрып ежелгі қорғандарды жұмысшылармен бірге қазып жүрдік.
1990-шы жылдары студент болып жүргенде 6 жыл общагада бір бөлмеде 3-4 баламен бірге тұрдық. Студенттік жатақханада кім тұрды біледі, ол әке-анамен бірге тұрудан бір бөлек.
2000-шы жылдары жеке бизнесте 13 жыл жүрдім, менде ешқандай крыша болған жоқ. Кредиттен кредитке, ауыр еңбек атқарып, тәуекелге барып, табысқа келдім. Бизнесте не болады, менде де сол болды. Сол жылдары бізнесте жүрген адам мені түсінеді. Мемлекет-үкіметтен тендермен, конкурспен, субсидиямен, мем бағдарлама арқылы бірде бір теңге алған емеспін.
Сондықтан, достар, өмірді де, қиыншылықтарды да сәл көргенмін, өзім үшін жауап әрқашанда бере аламын. Менің сыпайылығым ол әлсіздік емес.
Ешқашан ешкімді алдаған жоқпын, өз сөзімде тұрдым. Бірақ дәл соны басқалардан да күтемін. Өзіме қарсы бассыздықты әрқашанда тоқтатай аламын.
Мұхтар Тайжанның фейсбуктегі парақшасынан