Отандық танымал әнші Мақпал Жұмабай Лондонда жеке концертін береді

Screenshot_7.jpg

   фотода Мақпал Жұмабай

    Отандық белгілі ақын әрі композитор, «Мақпал Шер» кітабының авторы Мақпал Жұмабай Ұлыбритания астанасы Лондонда жеке концертін өткізбек, деп жазады  Oinet.kz порталының тілшісі, Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып. 

 «Бұл жобаға дайындалғаныма тура бір жыл болды. Жуырда 15 адам Лондонға аттанғалы отырмыз. Заманауи қазақ өнері үшін тәуекелге бел байладық. Біршама уақыт бұрын білімім мен тәжірибемді заманауи өнерімізді дамыту жолына арнайтынымды, сол жолда нақты істер бастағанымды жариялаған едім. Бұл Лондон сапары – сол нақты ісімнің, тәуекелімнің бірі. 18 қыркүйек Лондондағы Брунель кеңістігінде (музейінде) АUA концептуалды концертім өтеді. Концертті индустриалдық революцияның тұлғалары Марк және Изамбард Брунельдер 1842 жылы салған осы тарихи ғимаратта өткізгім келді», - дейді Мақпал Жұмабай. Музыканттың айтуынша, концертте айтылатын барлық жырлар кәсіби деңгейде ағылшын тіліне аударылған. 

 «Концертпен қатар, Лондонда «Maqpalsher» атты анимациялық қысқа метрлі фильмімізді көрсетеміз. Кеште айтылатын барлық жырларды кәсіби аудармашы ағылшын тіліне аударды. Аударма көрсетіледі әрі қонақтарға кітапша ретінде тарту етіледі. Күні кеше ғана ұйымдастыру жұмыстарының барлық кезеңіне нүкте қойдық», - деді ол. Ақын ағылшын еліндегі өз шығармашылық кешін қазақ өнерінің шетелге шығуы, танылуы деп санайды. «Әрине, Лондонда концерт беру әлемдік жаңашылдық емес, дегенмен мен үшін, менің шығармашылығым үшін маңызды. Ән кешімде барлығы 12 авторлық жыр орындалады. Жырларым арқылы ағылшын тыңдармандарына қазақ халқының дүниетанымы мен адамның ішкі сезімін жеткізгім келеді. Менің шығармаларымда өмір, адами құндылықтар мен елене бермейтін нәзік сезімдер баяндалады. Бір жағынан біз үшін сын болайын деп тұр, себебі біздікі стандартты емес, жаңа музыкалық бағыт. Тағы бір айтып өтетін жайт, концерт - коммерциялық емес, мәдениетке, өнерге арналған жоба, сондықтан ол тегін өтеді», - дейді өнер иесі. Музыкант мәлім еткендей, концерт жанды дауыста өтеді және оған шамамен 120-150 көрермен келеді деп күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Нұржан Керменбаев: «Жанар менен кешірім сұраған. Оған ренішім жоқ»
  • Төреғали мен Қайраттың гонорары 3 миллионнан асты
  • Жанар Хамитова балаларын неге тастады?
  • Жастар 82 жасында үйленген Нүсіпжановты әзілге қосты (видео)
  • "Қатыным" әнін сынға алған Шахановқа Әзімбек Байлин жауап берді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика