Үкілі бала Ерболсын әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты
Ел арасында "үкілі бала" атымен танылған Ерболсын Серікбаев әйелімен ажырасып кеткенін айтты. Жаңа үйленген жас жұбайлардың жарастығы ұзаққа бармаған. Оның себебін Ерболсынның өзі түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Oinet.kz Express Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
18 жастағы Ерболсын Серікбаев өмірлік жарын кездестіріп, осы жылдың ақпан айында шаңырақ көтерген болатын. Емші бала жастығына қарамастан сүйіктісімен отау құруға шешім қабылдады. Алайда, араға бірнеше ай тастап, қос ғашықтың жолы екіге бөлінген.
- "Ата-ананың ақ батасын алып, беташар жасап, үйде шағын той өткіздік. Шілде айына дейін ата-анамызбен бірге тұрдық. Барлығы жақсы болды. Бір-бірімізді сүйдік. Оның аяғы ауыр болды. Мамыр айында екеуміз Мысырға демалуға кеттік. Алайда сол жақта жүргенде құрсақтағы баладан айырылып қалдық. Шарм-әл-Шейхте арабтар операция жасады. Осылайша Ақтөбеге қайттық. Елге келгеннен кейін арамызда әртүрлі жағдайлар болды. Оның үстіне баласынан айырылған әйелдерде күйзеліс болады. Осының барлығы әсер етті ме, сөзіміз жараспады. Ортамыздағы сыйластық кете бастады. Жақсы көрмей, біреуді қинап, бірге тұра алмайсың. Ал мен тыныштықты қалаймын. Бұрынғы бала кезімдегідей қызба мінезім жоқ. Қазір барлығын сабырмен шешкенді жөн көремін" , - деді ол.
Екі жастың ортасындағы махаббатқа сызат түсіп, тыныштық бұзыла бастаған соң олар бөлек кетуді ұйғарған.
- "Бір бірімізден алыстап көрейік, бөлек кетейік деп шештік. Ол Ақтауға ұшып кетті. Адайдың қызы. Қазір бөлек тұрамыз. Екеуміз заңды түрде некелескен жоқпыз. Мен қазір заң бойынша бойдақпын. Адам үйленгенде ажырасамын деп ойламайды. Отбасын құруды ойлаған адам бұл қадамға ақылмен келуі керек. Ал мен ақылмен келдім деп те, келмедім деп те айта алмаймын. Бірақ отбасымды асырай алатындай жағдайым болды. Оның алдындағы міндеттерімді де білдім. Екеумізде 18 жаста болдық", — дейді Ерболсын.
Емші жігіт өзінің бұл қадамына өкінбейтінін де айтты. Бүгінде ол бұрынғы келіншегімен мүлдем араласпайды екен. Емші бала әзірге екінші рет отау құруға асық емес.
- "Ешқандай өкінбеймін. Мен қандайда бір уақыттың ішінде бақыттың, махабаттың, сүюдің, ұнатудың не екенін сездім. Ол өте жақсы қыз. Жақсы әйел болды. Ол бақытты болуға лайық. Екеуміздің арамызда ұрыс-керіс болған жоқ. Осылай шештік. Онымен қазір мүлде сөйлеспеймін. Ажырасқаннан кейін күйзеліске түскен жоқпын. Барлығына сабырмен қарадым. Мүмкін, жас болған соң шығар, егер осындай нәрсе 40 жасымда болса мүмкін басқаша болар ма еді. Қазір қайта үйлену туралы ойланып жүрген жоқпын. Жаспын ғой. Алдағыны Алла біледі. Бұндай жағдай барлығының басында болады, — дейді ол.