«Бәрін жайып сала бере алмайсың» - Қарақат құпиясын айтты

Oinet.kz 21-09-2021 1474

Танымал әнші Қарақат Әбілдина отбасын сақтаудағы құпиясымен бөлісті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

image.png

-  Аман ба жақсыларым! Осы күндері аз ғана үйден алыстап едім, сағынып әрең жеттім ғой. Жолдың ауырлығын жүрген білер. Отбасы, ошақ қасы, бала-шағаның басында отырудың рақатын осы карантин басталғалы шын сезіндім ау. Өткенде отбасы туралы жазбадан соң директіге көп келіншек, сіңлілерім хат жазыпты. Бірін көрсем, бірін көрмей жатамын. Сондағы кеңес сұрайды. Қалай етуге? Қай жағына шығуға… Былай бол, осылай істе деп мен қалай айтайын?!

Білетінім, отбасын сақтау үшін ең керегі:

1. Сенім. 

Арада сенім болмаса бәрі бекер. Сөйлеген сөзің, күлген көзің, әр қимылың, қадамың, көзқарасың жұбыңның жанарына күдік ұялатып, ойына жамандық салып тұратын болса - жағдай қиын. Екі жақ бір-біріне 100% сенгенде ғана ол үйдің түтіні түзу шығады.

2. Жауапкершілік.

Ер адам өзінің отбасының тірегі, қорғаушы, асыраушы екенін сезінсе. Нәпақасын адалынан тауып, тапқанын үйіне тасыса. Ал әйел үйдің ұйытқысы, келген дүниені аз болса ұқсатып, көп болса шашыратып алмай берекесін кіргізсе. Екі жақты міндетті тең көтеріп, қадамдарын тең басса отбасының іргесі мықты бола бермек.

3. Сырыңды сыртқа білдірмеу.

Шешелеріміз айтушы еді: жұрттан ешкімді жамандап келме. Жарыңның да жамандығын маған жеткізбе. Сендер төсектің ана басында керісесіңдер де, мына басында қайта келісіп аласыңдар. Арада мені уайымға салып қоясың босқа. Сондықтан болар-болмасты жіпке тізіп, жеткізуші болма,- дейтін. Ұққанға ақыл-ақ!

4. Балаларға әкесін ХАН қып көрсету.

Әйелінен құрмет көрмеген әке, балаларынан құрмет көруі неғайбыл. “ Әкеңнен сұра, әкең не дейді екен?! Қазір әкелерің келеді. Әкеңнің киімін жоғары іл” деген сынды тәрбиемен әкенің беделін арттырып отыруға кеңесім.

Бұл отбасы тақырыбында ашып, тарқатып жазар көп дүние бар. Бірақ бәрін мұнда жайып сала бере алмайсың. Бұйыртып бір кітабым шығып жатса оқып біле жатарсыздар. Әзірге осы - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Мөлдір Әуелбекова 60-қа толған әкесіне джип мінгізді (видео)
Сәкен Майғазиев пен жарының жас күніндегі суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу