«Арамдыққа құрылған тірлікте ешуақытта береке болмайды» - Қарақат Әбілдина (фото)

Oinet.kz 10-09-2021 2135

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желі арқылы кішкентай қызының атынан жалған парақша ашқандарды сынға алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Қарақат Әбілдина.jpg

- Анашым, менің атымнан неше түрлі парақшалар ашылып кетіпті ғой? Иә, ботам менде байқадым біршамасын блокқа жіберуге тура келді, себебі өтірікті жек көремін. Өтірікке, арамдыққа құрылған тірлікте ешуақытта береке болмайды қызым.

“Сөзден сөзге секіріп

Айтатыны өтірік

Тындырған бір ісі жоқ

Көп сөйлейтін көпіріп”

Жаннан аулақ болғайсың деуші “- еді әжең марқұм ...

Өмір болғасын ақ жолақты таңдайтын, қара жолақты жалғайтын жандар болады. Кішкентайыңнан құлағыңа осыны құйып өсіремін, құлыным! Қара жолақты таңдаған жандар өтіріктің шырмауынан шыға алмай жүреді.. Ол әулетіне, ата-анасына сын екенін түсіне білмегендіктен қара жолақты жалғаушылар ғой... Жүрген жолың ақ, таңдаған жолың пәк болсын қызым! - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Тамара Асар перзентханадан шықты (видео)
Қарақат пен Қыдырәлінің ерекше биі желіні жарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу