Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз анасына ерекше тосын сый жасады (фото, видео)
Танымал актриса Жұлдыз Абдукаримова анасына ерекше сыйлық жасап, көпшілікті сүйсіндірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.
- Әр қыздың бойтүзері де, тұсбағдары да анасы. Анаңнан артық психолог, жанашыр, дос жоқ. Қазір сандалып даладан іздеп жүрген іліміміз, тәрбиеміз өз анамызда тұнып тұр. Қазір әркімге ауыз ашып осы керемет жетістікке жеткен ақылды адам деп пір тұтып жүргендерді де анамыздың бір ауыз сөзімен салыстыруға келмейді. Өзім ана болған сайын жанын терең түсіне бастадым. Әжіміне дейін әр беріп тұрған ажарыңыздан айналдым! Қуаныңыз, қуантайық! - деп жазды ол.
Бұл видеоны көрген көпшілік актриса мен анасына жылы лебіздерін білдіруде.
- "Дұрыс айтасыз! Толып жүрген "Бақытты әйел"," Бақытты болу құпиясы"-деген сабақтардан, анаңның айтқан бір ғана ақылы артық деп білемін! Себебі, анаң ол іздеп жүрген біліміңді бесікте жатқанда әлдиімен,аялы алақанымен,ақ сүтімен миыңа құйып қойған.Сондықтан ақылды өзгенің аузынан тыңдауды жөн санамаймын!", "Бақыттысыз! Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды", "Анаңыз өте мейірімді, ақылды екені жүзінен көрініп тұр, ұзақ жасасын!", "Анаңыздың жүзінен нұр төгіліп тұр ғой шіркін! Апа өте керемет кісі, жүз жасасын!", "Анаңыз сондай ақылды, дана, сабырлы мәдениетті адам екені көрініп тұр", "Аналарымыз аман болсын! Ата-анасы бардың басында алтын тәжі бар деген. Ана деген бой түзейтін құбыламыз ғой" - деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram