Нұрлан Қоянбаев желіде жаңадан рекорд орнатпақшы

Oinet.kz 26-06-2020

Қазақстандық танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев Instagram желісінде жаңа әлемдік рекорд жаңартпақшы. Ол өз парақшасында мемлекеттік тудың суретін жүктеп, оның астында 20 миллион пікір жинамақ. Ол үшін белгілі әзілкеш барша қазақстандықтардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Нұрлан Қоянбаев мемлекеттік тудың астында 20 млн пікір жазылса, Instagram желісіндегі әлемдік рекорд жаңаратынын айтты. Әзілкеш әрбір отандасын кемінде 20 пікірден қалдырса, қажетті сан шығатынын түсіндірді. Оның айтуынша, аталмыш желідегі рекорд әлі бес миллион пікір жазылған суретке тиесілі. Сол үшін Қоянбаев бұл рекордты қазақстандықтар болып жұмыла жаңартуға шақырды. 

- "Инстаграмда бір фото 5 млн комментарий жинап әлемдік рекорд орнатыпты. Достар,әлемдік рекордты жаңартып жібереміз ба? Әр қайсымыз 20 коменттен қалдырсақ,кем дегенде 20 млн комментарий жинаймыз. Осы фото, әлемдегі ең танымал фотоға айналсын! Кеттік. Биікте самғасын көк байрағымыз" , - деп жазды телепродюсер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Инстаграмда бір фото 5 млн комментарий жинап әлемдік рекорд орнатыпты

«Рахаттанамын…»: Тұрсын Алагөзов жұбайы Баян екеуінің қарым-қатынасы жайлы ашық айтты
"Алғым келсе аламын": Тоқтар Серіков тоқал алуға қатысты ойын ашық айтты


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×