Айгүл Иманбаева Ахметбек Нұрсиланы сотқа бермекші

Oinet.kz 01-05-2020 14612

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Айгүл Иманбаева белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы сотқа бермекші. Бұл туралы, ол "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

f0f5fa6f-d6fa-4e7f-b5ac-d9590b96e7b6.jpg

Айгүл Иманбаеваның бұл шешімге келуіне Ахметбек Нұрсиланың айтулы бағдарламада әншілерді "шегірткеге" теңеуі және лоторея ойнатушылардың арасында белгілі актрисаның есімін қоса атауы себеп болған. 

- Кеше эфирді көргеннен кейін Ахметбек аға туралы әлеуметтік желілердің бәрін қарадым, ақпарат жинадым. Сосын бір анекдот есіме түсті.  Бір бастықтың алдына бір адам жұмыс сұрап келген ғой. Сөйтіп бұрын қайда жұмыс істедің деп сұраса, анда істедім, мұнда істедім, мына жерде істедім деп айтқан екен. Сөйтсе, бастық әлгіге қарап отырып "Е, сен тышпаған төбе қалмапты" деген екен қазақша айтқанда. Сөйтіп айтқан ғой бастық жұмыс сұрап келген адамға. Сол сияқты бізде сізді бір төбе деп келіп отырмыз. "Астарлы ақиқатты" бір  төбе деп келіп кеткен екен. Енді екінші эфирде біз де қосылайық дедік, - дейді әнші. 

Сондай-ақ, әнші эфир барысында Ахметбек Нұрсила туралы әлеуметтік желілерден мәлімет іздегендігін және әр төбенің басын бір шалған адам екендігін жеткізді. 

- Біріншіден менің шамыма тиген нәрсе, өзіміздің өнердегі әріптестеріміздің де атынан өзіміздің айтатын ойымызды айтамыз кезегі келгенде. Өткенде эфирде "шырылдауық шегірткелер", "алаяқтар" деді. Айнұр Тұрсынбаева, Беркут, Айгүл Иманбаева деді. Бұл балағаттау. Балағаттаудың статьясы бар, "за моральный ущерб", "за клевету" деген кәдімгідей Кодекс бар. Жеке менің басыма айтатындай бұл кісіде қандай дәлел бар екен. Әлеуметтік желіден қарадым: Павлодарда жұмысшылардың айлығын бермей қашып кеткен Ахметбек, Қытайға қашып кеткен бұл кісі. Қымыздың басын бір шалған, исламның басын бір шалған, енді келіп кәсіпкерлерге байлыққ жетудің жолын үйретем деп ауадан ақша жасап жүрген адам бұл кісі. Сол себепті, бұл кісінің дәлел жоқ Беркуттың, Айнұр Тұрсынбаеваның, менің алаяқ екеніне дәлелсіз бұл  кісі эфирге келіп неге ауызына келгенін айтады. Мен бұл кісіні сотқа берейін деп келдім, - дейді Айгүл Иманбаева. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ахметбек Нұрсила әншілерді шегірткеге теңеген болатын. 

«Менің баяғы қолым жоқ» - Мадина Сәдуақасова карантин кезіндегі күйзелісімен бөлісті
Алданып қалған Ернар Айдар: «6 видеоға 6 миллион берді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу