"Голос Украины" жобасында тағы бір қазақстандық бой көрсетті (видео)

Oinet.kz 10-02-2020 1489

Алматы тұрғыны Андреа Бочеллидің репертуарынан "Time to say goodbye" күрделі әнін орындады.

Алматылық 33 жасар Нұрсұлтан Шатырханұлы "Голос" жобасының украиндық нұсқасының 10 маусымында соқыр тыңдау кезеңінен сәтті өткен үшінші қазақстандық болды.

Қазылар алқасы ұзақ уақыт бойы түймелерді баспай отырды, тек соңғы нотада Нұрсұлтанға Тина Кароль мен Потап және Настя бұрылды. Нәтижесінде Нұрсұлтан Тина Карольді өзінің тәлімгері ретінде таңдады.

Нұрсұлтан өз сұхбатында әнші болу бұрыннан келе жатқан арманы екенін айтып өтті. Әншінің ерекше дауысына Тина Кароль ерекше ықыласын білдірді. Келесі кезеңдерде Нұрсұлтанға бұдан да керемет ән ұсынатынын айтты.

Брэд Питт Оскар жүлдесін иеленді
Динара Бақтыбаева тұрмысқа шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу