Жүз күнәні кешіріп, жүз сауап жазылатын сөз

Oinet.kz 08-10-2019 2781

60897158_1731583140473514_5349416159392620748_n.jpg

«Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду уә һууә 'алә кулли шәй-ин қадир». 

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ. Ол Жалғыз, әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) Билік Онікі, әрі (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық, әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге тольқ жетеді». (Бұл сөздерді күнделікті танңертең 100 рет қайталау керек немесе адамды жалқаулық басқан кезде 1 рет айту керек). 

- Оларды күні бойы жүз рет айтқан адам он құлды босатқанмен тең болады және оған жүз ізгілікті iстер жазылып, ал жазылған жүз жаман істері өшіріледі. Бұл сөздер оған күні бойы кешке дейін шайтаннан қалқан болады, әрі оларды жүз реттен көбірек қайталаған адамды санамағанда, ешкім осыдан лайықтырақ іс істей алмайды». (Бұхари). 

- «Аллаһуммә, инни әс-әлукә 'илмән нәфи'ан, уә ризқан тай-ибән, уә 'амәлән мутәқаббәлән!» 

Аудармасы: «Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!» (Таңертең айтылады.)

«Әстәғфиру-Ллаһа уә әтубу иләйһи» 

Аудармасы: «Мен Алладан жарылқау тілеймін әрi Oған тәубе етемін» (Күніне 100 рет айтылады).

Шайтан құратын 3 тұзақ
Үйренем дегенге жапырақ та ұстаз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу