Мемлекеттік қызметкерге жұма намазына баруға рұқсат па?

tahiyat.jpg

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мемлекеттік қызметкерлердің діни ұстанымына қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ ол "Мемлекеттік қызметкерлер жұма намазына қатыса ала ма?" деген сұраққа жауап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Мемлекеттік қызметкер әскери адам сияқты нақты бір міндеттері бар тұлғалар санатына жатады. Адам мемлекеттік қызметке келгеннен кейін тиісті міндеттерді өз мойнына алады. Бұл дегеніміз, жұмыс уақытында ол өзіне жүктелген міндеттерді орындауы тиіс. Қызмет орнында өзінің діни пайымдарын ашық білдіруге де рұқсат жоқ. Ондай талаптар дінге ғана емес, мемлекеттік қызметкердің киім-киісіне де қойылады. Бұдан бөлек, этика деген мәселе бар. Мемлекеттік қызметкер мемлекеттің "бет-әлпеті" болғаннан кейін, өзін лайықты ұстап, тиісті ережелерді сақтауы қажет", - деп атап көрсетті Б.Арын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шариғат жасанды ұрықтандыру мәселесіне не дейді?
  • Жеті шелпек тарату дұрыс па?
  • Әйелдердің жұма күнгі амалдары
  • Бес түрлі адаммен сөйлеспе, дос болма
  • Заманақыр белгілері
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика