Тәкаппар әйел осыдан кейін Ислам дінін қабылдады
Ертеде бір ислам дініне өте берік тақуа кісі болған екен, ол кісінің ислам дінімен жүргені үшін жек көретін бір тәкаппар әйел көршісі болған екен...Сол тақуа кісі күнде көршісінің үйінің қасынан өтіп,намазға мешітке барады екен..әр өткен сайын күнде сол жек көретін көрші әйел екінші этаждан сол тақуа кісіге шелекпен су шашып жібереді екен.
Бұл тақуа кісі бір күн үндемейді, екі күн үндемей солай солай 3-4күн өтіпті. Бір күні ана әйел тақуа кісіге мешітке кетіп бара жатқанда су шашпай қойыпты, арада бір-екі күн өтеді. Сөйтіп тақуа кісі ана әйелді уайымдап үйіне іздеп кіріп, қал жағдайын сұрау мақсатында есігін қағады, ішінен әреең дегенде ана әйел шығып сұрайды неге келгенін, сонда тақуа кісі:
"Сізді уайымдадым қал жағдайыңыз жақсы ма? Көрінбей қалдыңыз"-деп сұраса, ана әйел жылап жіберіпті.
"Сені сондай жек көруші едім менің есігімнің алдынан өтпесе екен деп жаман көріп су шашушы едім, мені кешір мен науқастанып қалдым, тәкаппарлығымнан болар" -деп еңіреп жылаған екен. Содан ана әйел ислам дінін қабылдаған екен деседі.
Алла кез келген кезде кез келген адамның жүрегіне хидаят береді екен...Барша қауымға тілерім Алла жүректерінде иман нұрын сөндірмесін.