Қисса деген не?
Құранда пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер жайлы ғибратты оқиғалар «қиссалар» деп аталады. Қиссалар мен ғибраттық аяттар 2000-нан сәл асады. Түрік ғалымы А.Ажар «Құран аяттарының үштен бірі, кейбір зерттеулерге сүйенсек, үштен екісі – қиссалар. Пайғамбардан кейінгі төрт сахаба дәуірінде Құран аяттарының үштен екісі қиссалар деп есептелген » дейді. Құрандағы қиссалар пайғамбарлардың өткен өмірін, жасаған ерліктерін, ғибратты үлгілерін насихаттайды.
«Отбасы хрестоматиясы»