Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әзіл айтқан ба?

Oinet.kz 09-06-2020 1480

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянына көз жүгіртсек, салмақты, сабырлылығына қарамастан, үнемі жымиып жүргенін және орнымен әзілдескенін байқаймыз. Ол кісі үлкенге де, кішіге де жұмсақ әзілдер айтатын. 

image.png

Адамдар одан:

- Уа, Алла Елшісі, сіз де әзіл айтасыз ба? - деп сұрағанда:

- Иә, мен әзіл айтамын, бірақ арасына өтірік араластырмаймын, - деп жауап берген. (Тирмизи).

Имам Науаи былай дейді: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әңгімелесушінің көңілін орнына түсіріп, оған деген жылы сезімін білдіру үшін әзілдесетін. Мұндай әзілге тыйым салынбайды, керісінше, сүннетке сай келеді» (әл-Азкар).

«Сахабалар да өзара және Пайғамбармен әзілдесетін. Алла Елшісінің (ﷺ) сахабаларының бір-біріне қарбыз қабықшаларын лақтырып ойнайтын кездері болатын, алайда, салмақты мәселеге келгенде олар нағыз жігіттік танытатын». (Бұхари)

- Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әзіл арасында ғайбат, мазақтау, келеке етудің болмағанын талап ететін.

- Әзілге оңтайлы уақыт, орын таңдай білу – сүннет. Әзілдің әдебін сақтай білгенде ғана құлшылық жасаған болып саналамыз.

Бірде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жолдасының аяқ киімін тығып қойған адамды көреді. Ал ол кісі аяқ киімді іздеп, әбігерге түседі. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім мұсылманның үрейін ұшырса, Қияметте Алла оның үрейін ұшырады», «Мұсылманның мұсылманды қорқытуына тыйым салынған» деген екен. (Әбу Дәуд). Жастар арасында адамның артынан байқатпай келіп, үрейлі дауыс шығару әдетке айналып кеткен. Бұл әрекет адамның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан сүннеттегі әзілдесу әдебінен аспаған абзал.

Қарт ананың төрт ауыз сөзі
Ауырғанда оқылатын дұғалар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу