Кешкісін мешіттің алдында болған оқиға

Oinet.kz 11-05-2020 1155

"Кеше кешкісін мешіттен шығып келе жатып, мына оқиғаның куәгері болдым. Жас шамасы 60-тардағы ер адам, көлігін артқа жүргізіп жатып, байқаусызда, авто-тұрақта тұрған қымбат шет-елдік көлікті соғып алды. Дабыл-қаққыш іске қосылды. Көліктің иесі жақын маңда жүрген болуы керек, лезде оқиға орнына келіп жетті. 

z7UEiKm3fDIYygnJ-lg.jpg

Тіпті, көлікті соққан кісі көліктен шығып та үлгермеген еді. Соғылған көліктің иесі, келе салып әлгі кісіге:

— Ас-саляму алейкум аға, — деп қолын алды да, — Жағдайыңыз қалай? Жарақат алмадыңыз ба? — деп сөзін жалғады. Әлгі кісі түк түсінбей, таңырқай қарап:

— Көліктің иесі кім? — деп сұрады. Ал көліктің иесі жылы қабақ танытқан жігіт екенін білген сәтте, кешірім сұрай бастады. Ал жігіт болса, көлігінің соғылған жерінен 1-2 рет ұрғылап қойып:

— О не дегеніңіз аға? Бұл — темір, ал біз — адамбыз. Ең бастысы өзіміз аман болайық ағасы. Уайымдамай жүре беріңіз. Жолыңыз болсын, — деді де көлігіне отырып кете барды.

Мұндай кісілердің жер бетінде өмір сүріп жатқандығына Аллаға шүкіршілік айтып, олардан көп үлгі алу керек екен деп, ол жігітке екі дүниенің бақытын тіледім."

Еркежан Тұрсынбаева

Отбасыңызды көз тиюден сақтайтын дұғалар
Адам атаны қай топырақтан жаратты?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу