Жар таңдауға 5 кеңес

Oinet.kz 23-03-2020 1451

Адамды жақын тануға арналған қағидалар өте көп. Бүгін біз ғалымдардың жар таңдауда ең маңызды деп ұсынған кәдеңізге жарар 5 кеңесіне тоқталсақ.

2019_10_14_dgar.jpgИслам ғалымдары «өзіңе серік, дос таңдау үшін оның төрт нәрсесіне қара, бесіншісіне қарама» дейді. Олар:

1. Білім көзін қайдан алатынына қара;

2. Бос уақытын қалай өткізетініне қара;

3. Достарының қандай екеніне қара;

4. Отбасымен қарым-қатынасында қандай екеніне қара;

5. Аузындағы сөзіне қарама.

Бұл бес әдісті жар таңдау кезінде де қолдану орынды болмақ. Өйткені, сенімі, білімі дұрыс адамның әдебі де, сөзі де, мінезі де, амалы да көркем болады. Бос уақытын дұрыс пайдалана білген адам тіршілікте де, құлшылықта да үлкен жетістікке жетеді. Ал «Адам - досының дінінде. Сол үшін кіммен дос болып жүргендеріңе қараңдар» (Бағауи) деген хадис – пенденің досына қарап басқа қасиеттерін анықтауға болатындығын нұсқайды. Адамның қандай екендігі оның отбасында, бірге тұратын жақын адамдарымен қарым-қатынасы кезінде сыналады. Түзде сыпайы, үйде дөрекі болуы да ғажап емес қой? Сондықтан отбасын құратын адамның білім көзіне, бос уақытын қалай өткізетіндігіне, достарына, отбасымен қарым-қатынасына қарау, яғни осы 4 нәрсені зерттеу – аса маңызды. Ал бесіншісі – аузындағы сөзі. Демек, адамның аузындағы сөзіне сеніп қалмау керек! Оның құлақтың құрышын қандыратын сиқырлы сөздері бізді алдап қоймауы тиіс екен. Себебі, ауыздан шыққан сөз амалға тиек бола бермейді. Сөзі бөлек, өзі мүлде бөлек адамдар қаншама?! Осыны меңзеген Суфиян әс-Саури деген ғалым: «Аллаға жақын болғың келсе, әдемі жүздерден, сыңғырлаған дауыстардан, шектен тыс шешен сөздерден алыста», - деген екен ғой.

Құбыла
Ол дәл осы ауруханадан сені өзімен бірге алып кетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу