Қайтыс болған мұсылман емеске көңіл айтуға бола ма?
Егер мұсылман емес таныстарымның жақын туысы қайтыс болса, оларға көңіл айтуыма бола ма?
Мұсылман емес адамның жанұя мүшесінің біреуі қайтыс болғанда көңіл айтуға рұқсат етілген, бірақ рұқсат етілген мен ойға қонымдылық жағын ажырата білу керек. Бұл мәселе жиі ойға қонымдылықпен шартталуы тиіс.
Көңіл айту барысында адамда қайтыс болғанға деген анық аяушылық сезімі ояна бастайды, бұл белгілі дәрежеде оның иманына қауіп төндіреді.
Сондықтан да көңіл айтуға рұқсат етілу — адамның күпірді есіркеуіне әкеліп соқпайтынына және оның иманына еш қауіп төндірмейтініне сенімді болумен анықталады.
Алла дұрысын біледі.