Ораза ұстап, зекет беріп, бірақ намаз оқымауға болады ма?

Oinet.kz 07-11-2019 1033

Ораза.jpg

Бір құлшылықты орындамасаң, басқасын да орындауыңа болмайды» деген қағида жоқ. Себебі, пенде о дүниеде әр құлшылығы үшін жеке жауап береді. Дегенмен, осы аталған құлшылықтардың бәрін бізге әмір етуші бір ғана Жаратушы иеміз. Яғни, намаз да, ораза да, зекет те Раббымыз тарапынан әмір етілген. Сондықтан, олардың бәрін Раббымыздың әмірі деп біліп, орындауға бар құлшынысымызбен тырысуымыз керек.

Нәпсімізге жеңіл келгенін орындап (себебі парыз оразаның уақыты жылда бір мәрте ғана келетіндіктен күнде бес уақыт орындалатын намазға қарағанда нәпсімізге жеңілдеу келуі мүмкін. Сондай-ақ зекет беру кезінде де адамның дәрет алу, намаздағы секілді қимылдарды орындауы қажет болмағандықтан әрі ол да жылына бір мәрте ғана орындалатындықтан нәпсіге жеңілдеу келуі мүмкін) қиынынан қашқақтасақ, бұл иманымыздың әлсіздігін көрсетеді. Сондай-ақ, «намаз оқуға әлі дайын емеспін» деп сылтаурататындар немесе намаз оқуды әлі ниет етпегендердің бұл әрекеті олардың намаздың маңыздылығынан хабарсыз екендігін көрсетеді. Себебі, олар намаздың қаншалықты керемет құлшылық әрі ең басты құлшылық екенін білсе бұлай сылтауратып, уақытты созбас еді. Құранда Алла тағала: «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етуден басқа нәрсе үшін жаратпадым» (Зарият сүресі, 56-аят) деп шын мәнінде, адамның дүниеге келгендегі жалғыз мақсаты – құлшылық жасау екенін баяндайды. Ал бұл құлшылықтардың басында намаз тұратыны күллі мұсылманға белгілі.

Намаз туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Ис­лам бес нәр­се­ден тұ­ра­ды: Алладан бас­қа құ­дай жоқ еке­ні­не жә­не Мұ­хам­мед Алланың Ел­ші­сі еке­ні­не куә­лік ету, на­маз оқу, зе­кет бе­ру, ша­ма­сы кел­се қа­жы­лық­қа ба­ру жә­не Ра­ма­зан ора­за­сын ұс­тау» (Бухари).  Пайғамбарымыз (с.а.с.) жоғарыдағы хадисінде намаздың иманнан кейінгі орында екенін көрсеткен. Әрі ислам тарихында да намаз ораза, зекет, қажылық секілді құлшылықтардан бұрын әмір етілген.

Ғалымдардың бәрі намаздың Миғраж оқиғасы кезінде, яғни Мәдина кезеңінен бұрын әмір етілгеніне бірауыздан келіскен. Бұл да намаз құлшылығының артықшылығын көрсетеді.  Сондай-ақ ақы­рет­те де адам ба­ла­сы есеп­ке тар­тыл­ған­да, ең ал­ды­мен на­мазы сұ­ра­ла­ды.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл туралы былай деп айтқан: «Адам­дар­дың қия­мет кү­нін­де ал­ғаш есеп­ке тар­ты­ла­тын ама­лы мен іс-әре­ке­ті – на­маз», «Ұлы Раб­бы­мыз ха­бар­дар бо­ла тұ­ра пе­ріш­те­ле­рі­не бы­лай дейді: «Құ­лым­ның па­рыз на­ма­зы­на қа­раң­дар.Оны то­лық орын­да­п па, ке­міс­ті­гі бар ма»? Егер оның па­рыз на­маз­да­ры то­лық бол­са, на­маз сауабы то­лық­тай жа­зы­ла­ды. Егер па­рыз на­маз­да­рын­да нұқ­сан­дық бол­са, Алла Та­ға­ла бы­лай дейді: «Құ­лым нә­піл (сүн­нет) на­маз­да­рын то­лық оқы­ған ба екен?» Егер ол сүн­нет на­маз­да­рын то­лық оқы­ған бол­са, Алла Та­ға­ла «Құ­лым­ның нұқ­сан па­рыз на­маз­да­рын нә­піл­дер­мен тол­ты­рың­дар» дейді. Одан кейін па­рыз бол­ған бас­қа амал­дар да осы­лайша есеп­ке тар­ты­ла­ды» (Тирмизи). Яғни, ақыретте де басқа құлшылықтарға қарағанда намаздың бірінші сұралуы оның Алла тағала құзырында маңызды құлшылық екенін көрсетсе керек.

Дегенмен, намазды орындамаса басқа құлшылықтар қабыл болмайды немесе оларды орындауға болмайды деп айта алмаймыз. Әр құлшылықтың орны жеке дара. Дей тұрғанмен, Абай атамыздың: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» дегеніндей, адами борыштарымызды, міндеттерімізді дұрыс саралай біліп, бұл өмірдегі негізгі міндеттерімізді атқаруға барынша талпынуымыз қажет. Себебі, ажал айтып келмейді.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

Жұбайымен оқылған намаз жамағат болып санала ма?
Әке қадірі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу