Құймақтан Фледле тағамы

Oinet.kz 29-10-2019 1052

500.jpg

Бұл тағам неміс ұлтында көптеп таралған. Тағамның жасалуы да асхана шеберлері үшін аса қиын емес.

Оны дайындау үшін ең алдымен тәтті емес құймақ әзірлеп аласыз. Ол үшін 1 стақан ұн, 3 жұмыртқа, 1,5 стақан сүт, 1/4 шай қасық тұз, 1/8 шай қасық қара бұрыш, 3 ас қасық ерітілген сары май және құймақты пісіру үшін қатты сары май қажет. 

Ұнды, жұмыртқаны, 1/2 стақан сүтті, тұз бен бұрышты үлкен ыдыста біркелкі қоюлыққа дейін араластырасыз. Содан соң қалған сүтті құйып, тағы да араластырып, бетін жауып, жарты сағаттан аз болмайтын уақытқа тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Оған дейін сорпаңызды әзірлеп алыңыз. Оған өз өлшеміңізге қарай май, пияз, тауық еті, тәтті қызыл және көк болгар бұрышы, картоп, сәбіз, қызанақ, тұз, талғамыңызға қарай дәмдеуіштер (мен сорпаға арналған дәмдеуіш пен универсалды дәмдеуішті қолданамын! Мұны тағам әзірлеп жүрген қыз-келіншектерге егжей-тегжейлі айтудың қажеті жоқ болар. Әйтсе де айтып өтейін. Ең алдымен қазанды отқа қойып, май құйыңыз да, майды аздап қыздырып алыңыз. Содан соң пияз, ет, болгар бұрыштарын салып, араластыра отырып қуырыңыз. 5-10 минут қуырған соң бетіне қартоп, сәбіз, қызанақты салып, аздаған тұз қосып тағы да қуырыңыз. дәмдеуіштерді осы кезде салсаңыз да, сорпа дайын боларда салсаңыз да болады. Мен әдетте қуыру кезінде қосамын. Барлығын қуырып болған соң су құйып, сорпаңыз қайнағанша қалдырыңыз да, оған дейін тоңазытқыштағы құймақты әзірлеуге кірісіңіз. Табаны қыздырып, сары майды ерітіңіз де, құймақты сонда қуырып алыңыз.

Дайын болған құймақтарыңызды орап, кеспе тәрізді етіп тураңыз да, пісуге жақын қалған сорпаға кеспе тәрізді етіп салыңыз. 5 минут шамасында қайнатыңыз. Вуаля! Фледле аталатын тағамыңыз дайын! Ас болсын!

7 пайдалы сусын
Лаваштан Напалеон торты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу