Альмира Тұрсын – «Томирис» рөлін сомдаушы
"Томирис" Альмира Тұрсынның алғаш сомдаған рөлі екендігіне сену қиын-ақ.
Альмира Тұрсын Алматы қаласында дүниеге келген. Қазірде Астана қаласында өз отбасымен тұрады. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және ММУ магистратурасын "бизнес әкімшілік" мамандығы бойынша бітірген. Актриса әлеуметтік желілерде өзінің тренингтерде әйелдер қауымына сабақтар жүргізіп, оларға таланттарын ашып, дамытуға көмектесетінін және сертификатталған әйел коуч-кәсіби бағдар беруші болып табылатынын айтады.
"Мен-коучинг-кәсіби бағдар берушімін. Менің қызметім жасөспірімдерге, қыздарға, әйелдерге өз таланттары мен қабілеттерін анықтауға және оларды одан әрі сапалы әрі тиімді пайдалануға көмектесемін. Менің ойымша, бұл менің қай салада болмасын әлеуметтік үлесім. Мен бұл сала дами беретініне сенімдімін, жемістері жақсы, нәтижелері көрнекті болатынына көзім анық жетеді", - деп атап өтті ол өз сұхбаттарының бірінде.
Альмира қазір тұрмыста аяулы жар және кішкентай баласын тәрбиелеп отырған ардақты ана.