Мәңгілік аппақ мамық оранған 5 ел

Oinet.kz 05-09-2019 1187

Vid-sverhu-na-goru-Mak-Kinli-Alyaska.jpg

Жер бетінде біз ойлағандай қыс, көктем, жаз, күз айналып келе бермейді екен. Біздің планетамызда жаз болмайтын, мәңгілік қыс орнаған 5 ел бар. Солардың бірі Денали - Солтүстік Америкадағы қарлы шың. Биіктігі – 6194 м. Ең биік төбесі әлемдегі ең суық жер болып саналады. Ауа температурасы қыста -40 градус. Жаз көрмейтін келесі халық оймякондықтар. Якутиялықтар мекендейтін елді мекендегі қалыпты суықтың деңгейі -45 градус. 1926 жылы қаңтар айында рекордтық көрсеткіш тіркеліп, мұндағы суық -72,2 градусқа жеткен.

Батыс жарты шардағы «Норсайс» зерттеу бекеті де әлемдегі ең суық мекендердің бір. Гренландияға тән бұл жердің ауа температуасы -66 градус. 

Ақ боран қардан көз ашпайтын Аляскада орналасқан Снэг қаласы да ең суық жерлердің қатарына кіреді. Солтүстік Америкада орналасқан қаланың ауа температурасы -63 градус. Айта кету керек, бұл жердегі суықтың ауадағы бір ерекшелігі тыныс алған деміңіз ауада он бес минут көлемінде қалып қояды. «Шығыс» станциясы  -  бұл Антарктидада орналасқан. Әлемдегі «мәңгі қыс» символына айналған құрлықтағы ең төменгі температура 1983 жылы 21 шілдесінде  -89,2 градусты көрсеткен. 

Ақыл есі кемтардан данышпанға айналған Эдисон
Машаның күлкісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу